Иранның жаңа президенті Хассан Роухани Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзді жүргізетін Тегеран өкілі міндетін атқаруды бұрынғы сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехиге тапсырды.
Салехи бұған дейін Иран атом энергиясы ұйымын басқарған және БҰҰ-ның Халықаралық атом энергиясы агенттігіндегі (МАГАТЭ) Иранның өкілі болған.
Бұрынғы президент Махмуд Ахмединежад тұсында сыртқы істер министрі болған Салехи - ядролық мәселелер жөніндегі сарапшы.
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзді бұған дейін Саид Жалили жүргізіп келген.
Иранның негізінен консерваторлардан құралған парламенті бейсенбіде Роуханидің министрлер кабинетіне ұсынған 15 кандидатын мақұлдап, үшеуіне қарсылық білдірді.