Милан қаласының соты Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің алдағы екі жылда мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, сот Берлускониді салыққа қатысты алаяқтығы үшін айыпты деп таныған соң осындай шешім шығарған.
Бірақ Берлускони қазір сенат мүшесі болғандықтан сот шешімі күшіне дереу енбейді. Ол үшін әуелі парламент сенаты оны өз қатарынан шығару туралы мәселені дауыс салып, тиісті шешім қабылдауы тиіс. Сенат бұл мәселені қараша айында қарамақшы.
Сот шешімі Берлусконидің иелігіндегі Mediaset холдингінің салықтан жалтару ісі бойынша қабылданған. 2012 жылы қазанда холдинг ісінің тергеу қортындысы бойынша оны төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға және он миллион евро айыппұл салу туралы сот үкімі шықты. Ол жолы Милан соты Берлускониге бес жыл бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған еді. Бірақ кейін жоғарғы сот шешімнің бұл бөлігін қайта қарау туралы қаулы қабылдаған.
2006 жылы рақымшылық туралы заңға сәйкес, сот үкім еткен төрт жылдық жаза мерзімі қысқарып, бір жылға түсті. Экс-премьер егде жастағы адам болғандықтан, Берлускони бір жылдық жазаны түрмеде емес, үйқамақта өтеуі де мүмкін.