Украина премьер-министрі Арсений Яценюк жексенбі күні "Біз катастрофа алдында тұрмыз" деп мәлімдеп, Ресей президенті Владимир Путинді "әскерін алып кетуге" шақырды.
Ол "Бұл қауіп емес, бұл - дабыл. Бұл - іс жүзінде соғыс жариялау. Біз Ресей президенті Путинді халықаралық міндеттерді, екі ел арасындағы келісімдерді сақтауға, әскерді алып кетуге шақырамыз" деді.
2 наурыз күні Украина қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі басшысы Андрей Парубий журналистерге "Украина қорғаныс министрлігіне барлық адамдарды қарулы күштер қатарына шақыру туралы бұйрық берілгенін, қазіргі кезде Украинаның барлық аймағынан қарулы күштер жасақтау қажет екенін" айтты.
Мұның алдында, 1 наурыз күні Украина билігі әскердің толық жауынгерлік дайындыққа келтірілгенін хабарлады.
Бұл шаралар Ресей Федерация кеңесінің Ресей әскерін Украина аумағында пайдалану туралы қаулысынан кейін жасалып жатыр. Сенбі күні Ресей Федерация кеңесі (Ресей парламентінің жоғарғы палатасы - ред.) президент Владимир Путинге этникалық орыстарды қорғау үшін Ресей әскерін Украина территориясында пайдалануға рұқсат беретін қаулы қабылдаған еді. Украинадағы Қырым аймағында Ресейдің әскери-теңіз базасы бар.
Мұның алдында Украинаның қорғаныс министрі Игорь Тенюх Ресейді "ешқандай ескертусіз және Украинаның рұқсатынсыз Қырымға 6 мың солдат пен 30 БТР жіберді" деп айыптады. Мәліметтерге қарағанда, Қырымда нөмері жоқ әскери көліктер мен айырма белгісі жоқ солдаттар жиі байқала бастаған. Кейінгі ақпараттарға қарағанда олар Украинаның әскери нысандарын басып ала бастаған. Кейбір әскери нысандардың командирлері оларға берілуден бас тартты деген де ақпарат бар.
Жексенбі күні Брюссельде Украинадағы жағдайды талқылау үшін НАТО шұғыл отырыс өткізді. Шұғыл басқосу Польша ұсынысы бойынша шақырылған. Польша "көршілес Украинаға әскери интервенция жасалуынан қауіптеніп отырғанын" мәлімдеді.
Кеңейтілген ақпаратты Азаттықтың "Украина азаматтарының әскерге шақырылатыны хабарланды" мақаласынан оқи аласыз.