Астанада бүгін Ресей елшілігі алдында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне, ресейлік саясаткерлер Владимир Жириновский мен Эдуард Лимоновтың Қазақстанға қатысты мәлімдемелеріне наразылық білдірген белсенді Мұратбек Арғынбековті полиция ұстап әкетті.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенді өзімен бірге әкелген плакатын ашқан сәтте оны полиция ұстап әкеткен. Акция кезінде прокуратура өкілдері болмаған.
Ресей мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский ақпанның 23-і күні Мәскеуде сөйлеген сөзінде Украинадағы жағдайды айыптап, Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігіне де күмән келтірген. Ол "Ресей Украинаны ғана емес, осы мемлекеттердің барлығын уысынан шығармауы керек еді" дей келе, "Ресей шекарасын оңтүстікке қарай кеңейту" жайын да айтқан.
Мұның алдында ресейлік оппозиционер Эдуард Лимонов "Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу керек" деген еді.