Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Нигерияда «Боко Харам» исламшыл топтың жүздеген оқушы қызды ұрлағанын айыптап, оларды дереу босатуды талап етті.
БҰҰ ҚК мәлімдемесінде оқушы қыздарға қатысты жағдайды мұқият зерттеп, «Боко Харам» тобына қарсы тиісті шара қолдану қарастырылатыны айтылған. Қауіпсіздік кеңесі «Боко Харам» басшыларының «оқушы қыздарды құлдыққа сату туралы мәлімдемесіне байланысты қатты алаңдаушылық танытып, қыздардың барлығын ешқандай шартсыз, дереу босатуды» талап еткен.
Нигерияның солтүстік-шығысында шалғайда орналасқан Чибок елдімекеніндегі мектептен 14 сәуір күні 250 оқушы қызды ұрлап кеткен «Боко Харам» исламшылдар тобы «қыздарды құлдыққа сататыны» жайлы мәлімдеме жасаған еді. БҰҰ бұл оқиғаға кінәлілер «соғыс қылмыскері ретінде қудаланатынын» ескерткен.
Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты бірнеше мемлекет Нигерия үкіметіне ұрланған оқушыларды табуға көмектерін ұсынған. Жұма күні Нигерия президенті Гудлак Джонатан «қыздар әлі ел аумағында» деп үміттенетінін мәлімдеді. Бұған дейін қылмыскерлер ұралаған қыздарды көрші Камерунға өткізіп жібермек деген күдік айтылған еді.
170 миллион тұрғыны бар Нигерияда халықтың жартысы мұсылман, қалған жартысы христиан дінін ұстанады. «Боко Харам» тобы елде ортағасырлық үлгідегі ислам халифатын құруды көксейді.