Ауғанстандағы президент сайлауында жеңілген кандидат Залмай Расул өз саяси қарсыласы, сайлауда көпшілік дауысты иеленген үміткер Абдулла Абдулланың кандидатурасына қолдау білдірді. Бұл туралы 11 мамыр күні Кабулде Залмай Расулдың баспасөз хатшысы Джавид Фейсал мәлімдеді.
Ауғанстанда 5 сәуірде өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, Абдулла Абдулла 44.9 пайыз дауысты иеленіп, алға шыққан. Оның басты қарсыласы Ашраф Гани 31.5 пайыз дауыс жинап, екінші орында тұр. Президент Хамид Карзайдың жақын серігі Залмай Расул 11.5 пайыз ғана дауыс жинап, сайлаудан шығып қалған.
Ауғанстан заңдары бойынша, сайлаудың бірінші кезеңінде үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, ең көп дауыс алған екі кандидат сайлаудың екінші кезеңде қайта дауысқа түседі.
Абдулла Абдулла мен Ашраф Гани 7 маусымда президент сайлауының екінші кезеңінде өзара бәсекеге түседі.