Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Түркияны Кипрдің солтүстік бөлігін басып алу кезінде адам құқықтарын бұзғаны үшін өтемақы ретінде 90 миллион еуро төлеуге міндеттеді.
1974 жылы Кипрде Грекияға қосылуды жақтайтындар мемлекеттік төңкеріс жасағанда Түркия аралға басып кірген еді. Содан бері арал үшке бөлініп қалған. Бөлінген Солтүстік Кипр Түрік республикасын тек Анкара ғана мойындаған.
Халықаралық аренада заңды мемлекет ретінде танылған Кипрдің оңтүстік бөлігінің үкіметі Түркияны бір жарым мың кипрлік гректің із-түзсіз жоғалып кетуіне және 200 мың адамның тұрғылықты жерін тастап шығуына қатысы бар деп айыптайды.
Страсбург сотының шешімі бойынша, "қылмыс мерзімі өтіп кетсе де, оған қатыстылар жауапкершіліктен құтылмайды".
Қазір Кипрдің грек және түрік өкілдері аралды қайта қосу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.