Украинаның Краматорск қаласында 13 мамыр күні болған қақтығыс кезінде украиналық жеті сарбаз қаза тапты. Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бронды техникалар конвойы Краматорск маңындағы Димитровка селосында ресейшіл сепаратистердің шабуылына ұшыраған.
Автоматпен және гранатометпен қаруланған 30 шақты сепаратистің шабуылынан әуелде украин қарулы күштерінен алты сарбаз қаза тауып, сегізі жараланғаны хабарланған еді. Кейін Украина қауіпсіздік қызметі жеті адам мерт болғанын мәлімдеді.
Ресейлік LifeNews порталының хабарлауынша, Краматорск түбіндегі Октябрск селосында да 13 мамыр күні қақтығыс болған. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, ресейшіл сепаратистерден де біраз адам қаза тапқан.
Украинаның шығысында билік ресейшіл қарулы сепаратистерге қарсы арнайы операция жүргізіп жатыр. Краматорскідегі шабуылға дейін Украина билігі антитеррорлық операциялар барысында тоғыз әскери қызметкер қаза болғанын хабарлаған еді.