Accessibility links

БҰҰ Украинадағы журналистер қазасын тексеруге шақырды


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 16 маусым 2014 жыл.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин. Нью-Йорк, 16 маусым 2014 жыл.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы дағдарыс пен қақтығыстарда қаза тапқан журналистердің отбасыларына көңіл айтқан мәлімдеме жасады. Қауіпсіздік кеңесі қақтығыстарда қаза тапқан журналистердің өлімін мұқият тексеруге шақырған.

Украинада қаза тапқан журналистер арасында ресейлік телеарна тілшілері Игорь Корнелюк пен Антон Волошин, италиялық фотожурналист Андреа Рочелли бар.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің маусымдағы төрағасы Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркиннің сөзіне қарағанда, кеңес мүшелері Украинадағы оқиғалардан хабар таратып жүрген журналистерге қарсы барлық зорлық-зомбылық жасау фактілерін тексеруді қолдайды, журналистердің ұсталуы мен қуғындалуы туралы ақпараттарға алаңдаушылық білдіреді.
XS
SM
MD
LG