Accessibility links

Сирия химиялық қару-жарағын толық тапсырды


Сирия химиялық қаруын толық тапсырды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Сирия химиялық қару-жарағының соңғы партиясы жоюға халықаралық ұйымға тапсырылғаны хабарланды. 23 маусым 2014 жыл.

Сирия билігі өзінде бар делінген барлық химиялық қару-жарағын мұхитта жоюға өткізді. Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым басшысы Ахмет Узюмджю 1 мың 300 тоннаны құрайтын арсеналдың соңғы партиясы Сирияның Латакия портынан кемелерге тиелгенін мәлімдеді.

Ирак астанасы Бағдадта сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри оппозицияның бақылауындағы аудандарда міндетті түрде декларациядан өткізілуі тиіс, бірақ улы заттардың тізімінде жоқ хлорин газы әлі де қолданылып жатыр деген хабарларға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, хлорин белгілі бір заттар қосылғаннан соң тыйым салынған химиялық қаруға айналуы мүмкін.

Былтыр тамызда Дамаск маңында химиялық қару қолданылып, жүздеген адам қаза тапқан соң АҚШ 2013 жылы күзде әскери қысым жасағаннан кейін Сирия үкіметі биылғы жылдың 30 маусымына дейін барлық химиялық қару-жарағын тапсыруға келіскен еді.
XS
SM
MD
LG