Accessibility links

Құлаған ұшақ жайлы БҰҰ қарары жобасы әзірленді


Malaysia Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағы құлаған жерде. Грабово селосы, Донецк облысы, Украина.
Malaysia Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағы құлаған жерде. Грабово селосы, Донецк облысы, Украина.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне Украинаның шығысында жолаушылар ұшағын атып түсіру оқиғасын айыптайтын қарар жобасы таратылды. Құжат нұсқасын әзірлеген Австралия дипломаттары жоба 21 шілде күні дауысқа қойылуы мүмкін деп мәлімдеді. Құлаған ұшақта қаза тапқан 298 адамның арасында Австралияның 28 азаматы бар.

Мәлім болғанындай, 17 шілде күні жолаушылар ұшағына шабуыл жасап, ондағы 298 адамды өлтіргендердің ісін айыптаған қарар жобасында «кінәлілерді жазалау» туралы талап айтылған, сонымен бірге барлық елдерді «сот әділеттілігіне қол жеткізуге барынша ынтымақтастық танытуға» шақырған.

Ресейдің қарар жобасы мәтінінен қарулы топтар мен айғақ заттарды жасыру туралы айтылғандарды алып тастауды ұсынып отырғаны жайлы хабарланды.

XS
SM
MD
LG