Accessibility links

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды


Туыстары, серіктері мен қоғам өкілдері оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында құран оқып отыр. Алматы, 12 қыркүйек 2014 жыл.
Туыстары, серіктері мен қоғам өкілдері оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында құран оқып отыр. Алматы, 12 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан оппозициясының басшыларының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күніне байланысты бүгін Алматыда оның саяси серіктері, әріптестері мен қоғам өкілдері қайраткерді еске алып, марқұмның зираты басында құран бағыштады. Жылдағы дәстүр бойынша, 12 қыркүйек күні Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шаралары өткізіледі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда ең жас министр болған, одан кейін өзге де жоғары лауазымды қызметтер атқарып, өмірінің соңғы жылдары оппозициялық саясаткерге айналған Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылдың ақпанында жанындағы екі серігімен Алматыда жұмбақ жағдайда кісі қолынан қаза тапқан еді.

Марқұмның зираты басында оппозициялық саясаткерлер Төлеген Жүкеев, Әміржан Қосанов, ақын Мұхтар Шаханов сөз сөйледі. Ұйымдастырушылар еске алу шараларының ертең де жалғасатынын, 13 қыркүйек күні Сәрсенбайұлын еске алу құрметіне бильярдтан турнир ұйымдастырылып, марқұмның көзі тірісніде серуендеген жолымен тауға шығатындарын айтты.

Ресми жүргізілген тергеу қортындысына сүйенген сот бұл қылмысқа парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев «тапсырыс берген» деп тауып, оны 20 жылға сотталған еді. «Кісі өлтіру» қылмысын жасаған деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов өмір бойына түрме жазасына кесілген. Сонымен бірге оппозиция басшысын серіктерімен бірге заңсыз ұстаған ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнаулы бөлімшесінің қызметкерлері де әртүрлі мерзімге сотталған еді.

2013 жылдың желтоқсанында бас прокуратура Ибрагимов 2012 жылдың сәуір айында Қазақстан жоғарғы сотына жүгініп, Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев деп көрсеткенін хабарлаған. Биыл ақпан айында Алматы облыстық соты Өтембаевтың ісін қайта қарап, оны "қылмысқа айдап салушы" деген айыппен 13 жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG