Accessibility links

Ермек Тайшыбеков 4 жылға сотталды


Ермек Тайшыбеков сотта отыр. Жамбыл облысы Қордай ауданы, 4 қараша 2015 жыл.
Ермек Тайшыбеков сотта отыр. Жамбыл облысы Қордай ауданы, 4 қараша 2015 жыл.

Жамбыл облысы Қордай аудандық соты әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы «ұлтаралық араздық тудырды» деп айыпталған блогер Ермек Тайшыбековті 4 жылға соттап, жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуге үкім етті.

Ермек Тайшыбеков бүгін соттағы соңғы сөзінде өзіне қарсы қозғалған істің құрамында «қылмыс жоғын» айтып, оның «саяси астары бар» деп санайтынын мәлімдеген. Ол «Қазақстанды ұлы ел деп санамайтынын, бірақ президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлы адам деп танитынын» айтқан. «Қазақстан мен Ресей біріксе» қисынды болатынын айтқан Ермек Тайшыбеков Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы «бірлескен мемлекеттің» президенті, ал Ресей президенті Владимир Путин – арнайы қызмет басшысы болғаны жөн» деген пікір білдірген.

Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны, 37 жастағы Ермек Тайшыбеков биыл жазда әлеуметтік желі қолданушыларының арызы бойынша қамалып, «ұлтаралық араздық қоздыру» бабы бойынша сотқа тартылған.

XS
SM
MD
LG