Қарағанды облыстық соты cудьясы Исламхан Есенбаев Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовті 10 жылға соттауға үкім етті. Оның мүлкі тәркіленіп, өзінің 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынды.
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдешев 5 жылға сотталды. Оның да мүлкі тәркіленіп, өзі 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайтын болды.
Төрт айға жуық мерзімге созылған сотта айыпталушыларға соңғы сөз берілген кезде Серік Ахметов те, Бауыржан Әбдішев те президент Назарбаевтан кешірім сұраған. Ахметов Назарбаевты «ұстазым» деп атап, «сенімін ақтай алмадым» деп өкініш білдірсе, Әбдішев «президенттің солдаты болғанын, болып қала да беретінін» айтқан.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деп айыпталған. Бұл қылмыстық іс бойынша 21 адам сотқа тартылған.