Accessibility links

Нарымбаевтың босатылғаны хабарланды


Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев
Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев

"Алауыздық тудырды" деген айыппен үш жылға сотталған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді деп хабарлады жұбайы Зоя Нарымбаева.

Оның сөзінше, бүгін сот «Ермек Нарымбаев пен оның адвокаты Жанар Балғабаеваның қатысуынсыз, Ермекті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға ауыстыру туралы шешім шығарған». Зоя Нарымбаеваның сөзінше, бір айдан аса уақыт аштық жариялап келе жатқан Ермек Нарымбаев әлі үйіне келмеген.

Журналист Гүлжан Ерғалиеваның хабарлауынша, Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге қатысты сот бүгін түскі сағат 13.30-да өткен, «ол [Нарымбаев] шамамен екі сағаттан соң үйінде болады».

Ал Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаева әзірге соттың шешімі қолына тимегендіктен ешнәрсе айта алмайтынын хабарлады.

Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталин былтыр қазанда авторы Мұрат Телібеков делінген «Ветер с улицы» кітабының үзіндісін әлеуметтік желіде көшіріп басқаны үшін Алматыда қамауға алынған.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сот процесі кезінде өздерінің кінәсіз екенін мәлімдеп, істеріне өкінбейтіндерін айтқан.

22 қаңтар күні Алмалы аудандық соты Мәмбеталинге - екі жыл, Нарымбаевқа үш жыл түрме жазасын кескен. 29 қаңтарда Серікжан Мәмбеталиннің Facebook парақшасында оның көпшілікке арналған үндеуі шыққан. Белсенді «қателік жасағанын мойындайтынын», «бірақ қылмысты әдейі жасамағанын» айтып, ертеңінде апелляциялық шағымы қаралғанға дейін босатылған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG