Accessibility links

Түркия билігі жекеменшік агенттікті бақылауға алды


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) мен қуғындағы мұсылман діни жетекшісі Фетхулла Гүлен.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) мен қуғындағы мұсылман діни жетекшісі Фетхулла Гүлен.

Түркиялық "Жихан" жекеменшік ақпарат агенттігі үкімет АҚШ-та қуғында жүрген діни жетекші, президент Режеп Тайып Ердоғанға оппозиция Фетхулла Гүленнің жақтастарын қуғындау аясында агенттікке бақылау орнатқанын хабарлады. Агенттік сайтында Стамбул соты мемлекеттік прокуратураның сұрауы бойынша "Жиханға" жаңа басшы тағайындайтыны хабарланды.

АҚШ мемлекеттік департаменті "Жиханға" қатысты жағдайды "журналистиканы басып-жаныштаудың қажет емесін көрсететін тағы бір мысал" деп атады. Осы айдың басында Түркия билігі елдегі тиражы ең көп басылым "Заман" газетін бақылауға алған. Бұл оқиғалар 7 наурызда өткен Түркия - Еуропа Одағы саммитінде талқыланды. Франция сыртқы істер министрі "Заманды" басып алуды хош көрілмейтін және еуропалық құндылықтарға қайшы әрекет деп атады.

XS
SM
MD
LG