Accessibility links

Ресейде ұшақ апатынан 61 адам қаза тапты


FlyDubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
FlyDubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Дондағы Ростов қаласында бүгін жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондағы 61 адам түгел қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Дубайдың FlyDubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы Ростов қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, ұшақта 55 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған. Ұшақ апаты туралы хабарды FlyDubai әуе компаниясы растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райы қолайсыз кезде әуежайға қонбақ болған ұшақ жерге соғылып, іле-шала өртенген.

Апат болған жерде құтқарушылар мен өзге де жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG