Accessibility links

Ресей соты Савченконы 22 жылға соттады


Надежда Савченко сотта отыр. Ресей, 22 наурыз 2016 жыл.
Надежда Савченко сотта отыр. Ресей, 22 наурыз 2016 жыл.

Ресейдің Ростов облысындағы Донецк қалалық соты ресейлік екі журналистің өліміне байланысты айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы 22 жылға соттауға үкім етті.

Савченко "Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін" 30 мың рубль айыппұл төлеуге тиіс болды.

Үкімді оқу екі күнге созылды. Бұған дейін прокуратура Савченконы 23 жылға соттауды, ал адвокаттар оны толық ақтауды сұраған.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко 2014 жылы маусымда Украинаның шығысында ұсталып, Ресейге жіберілген. Оған ресейлік журналистер Игорь Корнелюк пен Антон Волошиннің қазасына қатысты айып тағылған. Ресей тарабы "Савченко журналистердің қай жерде екенін анықтап, артиллеристерге олардың тұрағын көрсеткен" дейді. Бірақ Савченко ол айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG