Бельгия полициясы Брюссельдегі әуежай мен метрода болған жарылыстарды тергеу аясында алты адамды ұстады. Құқық қорғау органы өкілінің хабарлауынша, күдіктілер қаланың Скарбек пен Жетте аудандарында және қала орталығында болған рейд кезінде ұсталды. Ұсталғандарға айып тағу мәселесі бүгін шешіледі.
Брюссельде 22 наурызда болған террорлық шабуылдар салдарынан 31 адам қаза тапқан. Шабуылдарға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алатынын мәлімдеген.
Полицияның бақылау камераларына түсіп қалған, жарылыстарға қатысы бар деген екі адам әлі ұстатпай жүр. Осы апта басында терактілерді жасаған үш жанкешті әуежайға жарылғыш зат толтырылған чемоданмен барар алдында аялдаған пәтерге тінту жүргізілген.