Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 69 адам қаза тапты


Лахордағы жарылыс орны. Пәкістан, 27 наурыз 2016 жыл.
Лахордағы жарылыс орны. Пәкістан, 27 наурыз 2016 жыл.

Пәкістан билігінің мәліметінше, Лахор қаласында паркте жанкештінің шабуылынан кем дегенде 69 адам қаза тапты. Теракт христиандар Пасха діни мейрамын атап өтіп жатқанда болған. Қаза тапқандардың дені - әйелдер мен балалар. Шабуылға жауапкершілікті "Талибанның" пәкістандық қанатымен байланысты "Джамат уль-Ахрар" тобы мойнына алды. Топ шабуылда христиандар нысанаға алынғанын мәлімдеді.

"Джамат уль-Ахрар" тобы бұл терактіні Пенжаб провинциясы мен Лахор қаласын өзінің саяси тірегі санайтын премьер-министр Наваз Шарифке ескерту деп атап, тағы да терактілер жасайтыны туралы доқ көрсетті.

Экстремистер бұған қоса 7 наурызда Пәкістанның солтүстік-шығысында сот ғимаратында болған жарылысты да мойнына алған. Ол жарылыстан 17 адам қаза тапқан еді. Топ ол шабуылды содыр Мумтаз Қадридың өлім жазасына тартылғанына кек алу үшін жасағанын айтқан. Мумтаз Қадри 2011 жылы провинция губернаторын өлтіргені үшін өлім жазасына кесіліп, үкім өткен айда орындалған.

XS
SM
MD
LG