БҰҰ мәліметі бойынша, Украинаның шығысындағы екі жылға созылған қарулы қақтығыстан бір жарым миллион адам аштық шегінде тұр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының дерегіне қарағанда, олардың 300 мыңдайы азық-түлікке аса мұқтаж және жедел көмекке зәру.
Азық-түлікпен қамтамасыз етуде ең қиын жағдай Украина үкіметіне бағынбайтын Луганск облысының жекелеген аудандары мен қақтығыс шебі бойында орналасқан аудандарда қалыптасқан.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ай сайын 270 мың адамға жедел көмек көрсетуге ниетті. БҰҰ қақтығысушы тараптарды тұрғындарға гуманитарлық жүктерді жеткізуге мүмкіндік беруге шақырады.