Accessibility links

Солтүстік Қазақстанда 2 ауыл тұрғынын көшіріп жатыр


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылда су тасу қаупінен тұрғындар эвакуациялана бастады деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Ол Ғабит Мүсірепов ауданында Шарық су торабының еріген қар суына толуынан өзеннің арнасынан асуы және жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупінен су торабы ауданында орналасқан екі елді мекен тұрғындары көшіріліп жатқанын айтты.

Иманқұловтың ақпаратына қарағанда, жүз шақты адам эвакуацияланып, осы аудандағы мектептерге жеткізіледі деген жоспар бар.

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны өткен аптада басталған. Агенттіктердің хабарлауынша, аймақта 200-ден астам үйді су басқан.

XS
SM
MD
LG