Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) британдықтар 23 маусымда өтетін референдумда Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берсе, онда ол әлемдік әлсіз экономикаға кәдімгідей теріс әсер етуі мүмкін деп ескертті. ХВҚ-ның экономикалық мәселелер бойынша бас сарапшысы Морис Обстфильдтің мақаласында Ұлыбританиядағы дауыс беру "инвесторлар үшін екіұдай күй тудырған" негізгі қауіп-қатер деп аталады.
Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы орныққан сауда байланыстарын бұзатындықтан оның аймақтық және халықаралық деңгейде теріс салдары болады. Сарапшының пікірінше, мигранттар ағыны мен экстремистердің шабуылынан туындаған дағдарыс ұлтылдық көңіл-күйді күшейтіп, "Ұлыбританияның ЕО-дан шығу ықтималдылығын шынайылыққа айналдыра бастады".
Обстфильдтің жазуынша, әлемдік экономиға тап болған өзге де қауіп-қатерлер арасында Қытай мен басқа да жаңа нарықтардағы және қор биржаларындағы тұрақсыздық, әлемнің экономикасы анағұрлым дамыған елдеріндегі ұзақ мерзімді даму әлеуетінен айырылуы проблемалары бар.