Accessibility links

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

31 мамыр - Қазақстанда 20-ғасырдың 20-50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. 1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 20 мыңнан астам адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілді. Осы жылдары немістер мен шешендер, Қырым тартарлары және басқа ұлттар Қазақстанға жаппай жер аударылды. Бүгін елдің бірнеше қаласында сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары өтті. Ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, ас беріліп, құран оқылды. 31 мамыр 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG