Еуропарламентке өткен сайлауда солшыл және оңшыл радикалдық партиялар айтарлықтай жеңіске жетті. Популистер Еуропарламенттегі 751 орынның кемінде 160-ын иеленді. Бұл 2009 жылғы сайлаумен салыстырғанда 98 орынға артық. Радикалдар арасында француздың Ұлттық майданы, британдық Біріккен корольдіктің тәуелсіздік партиясы (UKIP), гректердің «Сириза» солшыл күштер коалициясы мен неонацистік «Алтын арай» өкілдері бар.