Үлкен Каньоннан өтуші
Арқанмен жүруші Ник Валленда АҚШ-тың Аризона штатындағы Үлкен Каньон (Гранд-Каньон) шатқалынан керілген темір трос арқылы өткен алғашқы адам атанды. Ешқандай сақтандырғыш жабдық қолданбаған Валленда 430 метрлік жолды (жерден 450 метр биікте) 22 минут 54 секундта жүріп өтті. Спортшы - жеті аталарынан бері "Ұшатын Валлендалар" деген атпен танымал әулеттің ұрпағы. Оның бабасы Карл Валленда, тағы бірнеше туысы арқанан құлап мерт болған.