Accessibility links

Голландиядағы аза тұту


Голландиядағы аза тұту
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

Украинаның шығысында құлаған малайзиялық ұшақ апаты құрбандарын аза тұту күні болып жарияланған 23 шілдеде Амстердамның орталығындағы Дам алаңына мыңдаған адам жиналды. Олар үстіне ақ түсті киім киіп, қолдарына ақ шар ұстап шықты. Бүкіл елде бір минут үнсіздік жарияланып, мемлекеттік тулар төмен түсірілді. Ұшақ апатында опат болғандардың сүйектері салынған алғашқы 40 табыт сәрсенбі күні Голландиядағы әскери базаға екі ұшақпен жеткізілген. Украинада құлаған ұшақта қаза тапқан 298 адамның 193-і Голландия азаматтары. Ұшақ апатына байланысты жүргізілген қоғамдық сауалнамаға қатысқан тұрғындардың көпшілігі ел экономикасына тиімсіз болатындығына қарамастан, Мәскеуге қарсы санкциялар енгізуді қолдайтындарын білдірген.

XS
SM
MD
LG