Accessibility links

Өз үйлерінен шығарылған Ирактағы палестиналық босқындар болашағы бұлдыр


Саддам Хусейн режимі тұсында Иракқа келген палестин босқындарына ерекше жағдайлар жасалынды. Сондықтан Саддам режимі құлағаннан кейн бұл босқындар ирактықтардың шабуылына ұшырады. Ирактықтар оларды үйлерінен қуып шыға бастады.

Өткен айда Саддам Хусейн режимі құлай салысымен Ирақтықтар өз үйлерінде тұрып жатқан палестиналықтарды далаға шығарып тастады деп хабарлайды тілшіміз Бағдадтан.

Палестин босқындары Бағдадта және Ирақтың Иорданиямен шекарасындағы босқындар қосында тұрады. Ирақтағы палестиндықтар саны шамамен 34000 кісі.Олар Ираққа 1948 жылдан бастап келе бастаған.Олардың бірсыпырасы Кувеитке қарсы Ирақ соғыс бастаған тұста Кувеиттен Ираққа өткен. Себебі, Кувеиттіктер өздеріне жау Садддам Хусейнді Ясер Арафат қолдағандықтан палестин босқындарына да қырыс қарай бастаған.

Ал, енді Ирақта Саддам Хусейн режимі құласымен палестин босқындарының ирақтықтардың кахарына ұшырауының себебі не? Оның себебі босқын палестиндықтардың Саддам Хусейннің айрықша қамқорлығында болғандығынан делінеді.Саддам Хусейнге палестиндықтарды аирықша қолдау не үшін қажет болды десек, бүйту саяси ұпай жинау үшін қажет болған. Шығанақ соғысынан кейн Ирақ экономикасы әлсіреп кеткеннен кейн Саддам Хусейн палестин босқындары тұрып жатқан үйлерге бұрыннан өкімет төлеп келе жатқан патерақыны тоқтатқан.

Бұл жағдаят үй иелеріне соққы болып тиген.Сондықтан, үй иелері үйлерін тегін пайдаланып жатқан палестиндықтарды да оны қолпаштаған Саддам Хусейнді де жек көрген. Ал, палестиндықтар Саддам үшін жан беруге даяр болған. Бағдадқа америка әскері кіргенде ең табанды қарсылық көрсеткен де солар болған. Соғыс біткесін үй иелері бұл палестиндықтарды үйлерінен қуып шыққан. Сондай палестин босқындарының бірі бүгіндері қаладағы Хаифа спорт клубында тұрып жатқан 70 жастағы Етидел Мохаммад Хусейн ханымды біздің тілшіміз әңгімеге тартқан еді:

Соғыс біткен тұста үй иесі түсы әлемтапырық болып кіріп келді де бізге үйді босатыңдар деді.Егер үйді босатпасаңдар өлтіремін деді.Содан кейн бірнеше кісі болып келді де бізді үйден күштеп шығарып тастады.Содан осы босқындар қосынан бірақ шықтым дейді Етидел ханым.Бұл босқындар қосында бүгіндері 200 босқын тұрып жатыр. 500 босқын қаладағы тамыр-таныстарын паналаған.

Бағдадтағы палестин босқындарының өкілі Анвер Алшеик болса палестин босқындарында ешқандай төлқұжат жоқ, бүгіндері оларды Ирақтағы уақытша әкімшілік өз қамқорлығына алып отыр дейді. Босқындар қосында радиомыздың тілшісіне жолыққан 20 жастар шамасындағы жігіт Мухаммед Фоузи де бір баидың пәтерінде тұрғанын, соғыс біте салысымен оны да үй иесі келіп үйден қуып шыққанын айтады.

Менің сонда не жазығым бар? Жазығым бөгде шетелдік болғаным ба? Сонда мен бөгде болып өлуім керек па?

сөзінің соңында Фоузи жалғыз арманым Палестинаға жетіп палестин жерінде өлу дейді. Халықаралық Хюман раитс вотш ұиымының Бағдатдағы өкілі Питер Боукерт Ирақ - Иордан шекарасындағы босқындар қосында күн кешіп жатқан 2000 босқынның тірлігі туралы былай дейді:

Ол жер өте ыстық.Ол жерде біз тіптен азғана күн де жұмыс істей алмадық.Ол жерде жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көзге елестете алмаймын. Бұл босқындар Ирақтан басқа жаққа кете алмайтын болғандықтан да олардың проблемалары Ирақта шешілуі керек деп біледі өкіл. Ирақты басып алып отырғандықтан АҚШ осынау палестин босқындарының тағдырына жауапты дейді халыкаралық Хюман Раитс Вотш ұйымының өкілі.
XS
SM
MD
LG