Accessibility links

Рахат Әлиев “Ассанди-таимс” газетін қудалауға кірісті


Журналистердің ынталы тобының Джордж Сорос мырзаға жолдаған хатында, Қазақстандағы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына жасалып жатқан қысым туралы айтылады.

“Сөз” тәуелсіз апталығында кезекті санында “Журналистердің ынталы тобының” Джордж Сорос мырзаға жолдаған хаты жарық көрді. Мақала авторының айтуынша аталмыш хат Сорос мырзаға жеке кездесуде табыс етілген көрінеді.

Хатта былай деп жазылған: «Құрметті Джордж Сорос мырза. Сіздің дүние жүзінің бірталай елдерінде жүргізіп отырған гуманитарлық бағдарламаларыңызды – білім беру, денсаулық сақтау, сөз бостандығы, адам құқығы, ашық және дамыған қоғам орнату, әртүрлі халықтар арасында түсіністік табу салаларындағы игі миссияңызды бүкіл әлем біледі.

Міне сіздің қордың Қазақстанда жұмыс істегеніне бес жыл болды және біздің мемлекет те әлемнің дамыған елдерінің қатарында өзіне лайықты орнын ала алар еді. Осы мақсатты жүзеге асыруда Сіздің қорыңыз өте зор үлес қосып жатыр, бірінші кезекте халық арасында сауатты қоғамдық сананы қалыптастыруда. Сіздің қордың негізгі бағдарламаларының бірі – қоғам мен билік арасында дәнекер болуға, қоғамның әр түрлі топтарының пікірін беріп тұруға тиіс тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету болып табылады”дейді хатты жазушылар.

Хатты жазушылардың деректеріне жүгінсек Сорос мырзаның қорының арқасында бірнеше газет, телерадиобағдарламалары бастама алып, аяғынан тік тұрып кетіпті. Хатты жазушы журналистердің ынталы тобының айтуынша қоғамның демократиялық құндылықтарына деген қызығушылық артқан сайын, Қазақстандағы тәуелсіз баспасөздің жағдайы қиындап барады. Хатта бұл туралы деп жазылған.

“Сіз біздің елдегі тәуелсіз бұқаралық ақпаралық құралдарының және кейбір журналистердің қуғынға ұшырауына орай беделді халықаралық ұйымдардың алаңдаушылық білдіріп отырғанынан хабардар боларсыз. Негізсіз қуғынға түскендердің арасында сіздің қор қолдау көрсеткендер де бар. Олар негізінен, еліміздегі ең белгілі басылымдар мен атақты журналистер. “Дат”, “ХХІ ғасыр”, “Республика 2000”, “Деловое обозрение Республика”, “Время ПО” газеттері сол қуғын сүргіндердің құрбаны болып, жабылып қалды. Бүгінге де “Қазақстан”, “Сөз”, “Ассанди Таимс” “Солдат” газеттері де жабылу алдында тұр.

Бірталай қазақстандық журналистердің үстінен қылмыстық істер қозғалғандықтан, олар елден кетуге мәжбүр болды, ал дүние жүзі білетін журналист Сергей Дуванов жалған айыппен үш жарым жылға сотталып отыр. Тәуелсіз баспасөз бен батыл журналистерді қудалау өте қауіпті қарқын алып келеді. Ел арасында үлкен бедел абыройға ие болған “Солдат” газетінің бас редакторы, талантты журналист Ермұрат Бапидің де билік сазайын тартырайын деп отыр.

Бүгінді оған қылымыстық кодекстің үш бабымен айып тағылды және оны Сергей Дуванов сияқты жеті жыл түрме тұр. Осыдан екі жыл бұрын әлемнің ең белгілі баслымдарында шет елдік компаниялардың Қазақстан басшылығына пара беруіне орай Америка Құрама Штатында басталған тергеу жөнінде жарияланған материалдарды көшіріп басқаны үшін “президент Назарбаевтың ар-намысына тидің” деген айыппен оны бір жылға соттаған болатын» дейді хатты жазушылар. Журналистердің ынталы тобы Сорос мырзаға жолдаған хатын былайша аяқтайды. “Сорос мырза !

Қазақстанда тәуелсіз және оппозициялық басылымдарда жоюға бағытталған қауіпті науқан басталды. Республикамыздағы қазіргі заңдық және саяси база – құрылтайшыларға, журналистерге, жалпы, қоғамға сөз бостандығын қорғауға мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан, біз халықаралық қауымдастықтан көмек сұраймыз. Біз, сонымен бірге, Қазақстанда қуғын көріп жүрген барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге моральдық қолдау көрсету сізден сұраймыз. Сіздің дүние жүзілік беделіңіз бүгінде халықаралық қауымдастықтың назарына зәру болып жүрген қазақстандық тәуелсіз баспасөздің тағдырына әлемнің ең ірі қайраткерлері мен журналистерінің назарын аударуға көмектеседі деп сенеміз.

Мүмкін, кейбір кеңестерден кейін біздің елдегі тәуелсіз баспасөздің ең өткір проблемаларын шешетін Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын қорғау жөніндегі халықаралық қоғамдық комитет құруға сіздің септігіңіз тиер» делінген “Сөз” тәуелсіз апталығының кезекті санында жарық көрген журналистердің ынталы тобының Джордж Сорос мырзаға жазған хатында.
XS
SM
MD
LG