БАҒДАД: Ирақта Америка мен Ұлы Британия әскерлеріне қарсы тұтқиыл шабуылдар әрі қарай жалғасуда. Екі жақты атыстардың салдарынан Ирақтың 5 азаматы қаза болса, АҚШ-тың 2 және бірнеше ағылшын жауынгері жараланды. Әл-Фаллуджа және Бағдадтан батысқа қарай орналасқан Рамади қалаларында АҚШ жауынгерлері бірнеше рет тасадан атқыланды. Ағылшын әскері Ирақтың оңтүстігіндегі Амара қаласының түбінде атқыланып, 6 жауынгер құрбан болса, 8-і жарақаттар алды. Жуырда ғана болған бірнеше жарылыстан кейін, Ирақтағы мұнай құбырларының күзеті де күшейтілді.