ЛОНДОН: Ағылшын премьер-министрі Тони Блэрдің мойындауынша, Ирақтағы ахуал әлі де болса ауыр. Сәрсенбі күні ағылшын парламенті сөйлеген Тони Блэр сейсенбі күні Ирақтың оңтүстігінде халықты қарусыздандыру шарасы кезінде 6 британдық жауынгердің қаза болғанын хабарлады. Ирақтағы британ әскері басшылығының өкілі хабарлағандай, ол қасақана ұйымдастырылған қастандық болған. Ағылшын қорғаныс министрі Джеф Хунның хабарлауынша, сейсенбі күнгі қайғылы оқиғаға байланысты Ирақтағы британ әскерінің саны ұлғайтылуы ықтимал. Ағылшын әскерилері жергілікті көсемдерден 2 күннің ішінде британ жауынгерлерін өлтірген кісілерді тауып, өз қолдарына беруді талап етуде.
Британ қорғаныс министрі Джеф Хунның мәлімдеуінше, Ирвақтағы британ әскерінің саны ұдғайтылуы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады