Accessibility links

Түркіменстанда қылмыстық істер туралы толық мәлімет бермегендердің жазасын қатаңдататын жаңа заң қабылданды.


АШХАБАД: Түркіменстанда болған жайтты дер кезінде және толық хабарламағаны үшін жазалау шарасы қатаңдай түседі. Түркімен президенті Сапармұрад Ниязов сәрсенбі күні қауіпті және аса қауіпті қылмыс туралы толық хабарламағандарды 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру, ал ондай қылмыстарды бүркемелегені үшін – 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған заңға қол қойды. Түркіменстанның тағы бір жаңа заңына сәйкес, шетелдік азаматтарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметке шұғыл-тергеу шараларын жүзеге асыруға рұқсат берілді.
XS
SM
MD
LG