“Жас алаш” басылымының 26 маусым күнгі санында “СУИЦИД ұлттық қасіретке айналып бара жатыр” деген Баян Сәрсембинаның мақаласы жарияланды. Онда автор Ақтөбе өңірінде өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны күн санап өсіп келе жатқандығы жайында жазады. Мақаладағы деректерге сүйенетін болсақ, 2003 жылдың наурыз айларында Ақтөбе обылысын суицид толқыны басып өткен. Осы екі айдың өзінде өздерін өлімге қиғандардың саны 49 адамға жеткен. Мақаладағы Ішкі істер басқармасының мәліметтеріне қарағанда, өлімге асыққандардың түгелге жуығы 37-40 жастағы қазақ ұлтының ер адамдары болып отыр.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері олардың жұмыссыз, өмірден өз орындарын таппаған жандар екендігін хабарлайды. “Ал, ақтөбелік дәрігерлер қауымы өткен жылдармен салыстарғанда суицидке барғандардың саны азайып келеді деген жалған ақпарат беруде”- дейді автор. Бұл арада тілші құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау департаментінің суицидке қатысты ресми мәліметтерінің екі түрлі екендігін алға тартады. Мәселен, мақаладағы, облыстық сот-медициналық сараптама қызметінің бастығы Владимир Корневтің сөзіне қарағанда, 2003 жылдың алты айында 46 адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері, көкек айында өз үйінде асылып өлген 29 адамды тіркеген. Бұл арада Ішкі істер басқармасы мен медицина қызметкерлерінің мәліметін салыстыра қарағанда дәрігерлердің тізіміне 19 марқұм кірмей қалған”- дейді автор. Сондай-ақ мақаладағы деректерге жүгінетін болсақ, Ақтөбе облысында 2001 жылы 126 адам, 2002 жылы 161 адам көз жұмған екен. Автордың айтуынша адамдардың өзін-өзі өлімге қиюдың басты себептері жоқшылықтан күйзеліске түскендер, жұмыс таба алмай қиналғандар болып отыр. Осылайша бір Ақтөбе облысының өзінде өзіне-өзі қол жұмсаушылар қатары жылдан-жылға өршіп бара жатыр” дейді, Баян Сәрсембина “Жас алаш” басылымының 26-шы маусым күнгі санында жарық көрген мақаласында. .