Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстан есірткісі Орта Азия, Ресей, Шығыс Еуропаға қауіп төндірді


Маусымның 27 -сі есірткіге қарсылық күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда өндірілген есірткі тасқыны салдарынан Шығыс Еуропа, Ресей және Орта Азияда қара базарлар көбейіп бара жатқанын ескертеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткіге қарсылық күніне арнап дайындаған баяндамасы "Есірткі туралы айталық..." деп аталады.

Маусымның 27 -сі - халықаралық есірткімен күрес күні. Осы күнге орай Біріккен Ұлттар Ұйымы арнаулы баяндама жариялады. Ол баяндамада келтірілген деректер бойынша, Ауғанстанда еселеп өндіріліп жатқан есірткі салдарынан Орта Азия, Ресей, Шығыс Еуропада қара базарлар саны көбейіп кеткен. Бұл аталмыш елдермен аймақтарда нашақорлар саны да өсе түскен. БҰҰ-ның есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкері Сандип Чоула:

"Ауғанстанда героин өнімдерін өсірумен тарату қарқындай түсті. Бұл Ауғанстанмен Еуропа арасында жатқан базарларға ықпал етті. Нәтижесінде нашақорлық Шығыс Еуропа, Ресей Орта Азияда белең алды".

БҰҰ-ның аталмыш баяндамасында көрсетілгендей героин өндіру 2001 жылы тоқырағандай болса да, өткен жылы жылдық орташа өнім 1600 тоннадан секіріп 4500 тоннаға бір-ақ көтерілген.Бұның себебі Ауғанстанда Талибан режимі құлағаннан кейін есірткі өндірудің қайта қарқындап кетуіне байланысты.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Джон Негропонтe өткен аптада Қауіпсіздік Кеңесі алдында сөйлеген сөзінде бұл проблема Ауғанстанды қалыпқа келтіруге кедергі болатын проблема деді:

"Апиын өндірісінің қайта бас көтеруі Ауғанстандағы қауіпсіздікке төнген үлкен қатер.Қайта құру ісіне төнген қатер".

Бүгінде әлемде өндірілетін апиынның Ауғанстанда 78 пайызы өндіріледі екен. БҰҰ-ның есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкері Сандип Чоула:

"Ауған есірткісінің Балкан жолы деп аталатын бағытпен яғни Иран, Түркие арқылы Еуропаға ағылуы да қарқындай түсті.Ал, ескі "Жібек жолымен" яғни Орта Азия, Ресей арқылы Еуропаға шығатын есірткі жолымен ағылып жатқан есірткі тасымалы болса соңғы жылдар ішінде күрт қарқындап кетті. Баяндамада нашақорлар саны соңғы жылдары Орта Азия, Ресей, Албания, Беларуссия, Молдова, Польша, Румыния және Балтық елдерінде белең алғаны айтылады:

"Есірткі тасымалы, пайдалану немесе қан тамырларға енгізу жиілеп кетті. Ол СПИД тәрізді жұқпалы аурулардың Орта Азия, Ресей және Шығыс Еуропа да кең тарай бастауына негіз болды" Бұ жылдың ұраны "Есірткі туралы айталық" делінеді. Оның мақсаты есірткі жөнінде ащщы да болса шындықты айту, халықтың көзін ашу.
XS
SM
MD
LG