Саддам Хуссейн режимі құлағаннан кейін , Бағдадтағы көптеген сириялық босқындарды ирақтықтар қарумен қорқытып үйлерінен шығаруда.Бұл жөнінде бүгін Бағдадтан БҰҰ ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат төрайымы Мелисса Сонуитч қабарлаған.Оның айтуынша, қаруланған ирақтық топтар сириялықтарды тұрып жатқан үйлерінен қуып,олардың үйін меншіктеп алған.
Сирия босқындары өткен ғасырдын 70-ші жылдарында, билік басында жалпы арабтық Баас партиясының бөлімшесі болған кезде, Сириядағы қудалаудан Ираққа қашқандар болатын. Дамаскіні Баас партиясының сириялық қанаты басқарып, олар өздерінің ирақтық әріптестерімен дәстүрлі түрде бәсекелесіп отырған.