Accessibility links

Ирақтағы қауіпсіздіктің нашарлауы ізгіниет жәрдеміне кедергі болды.


Ирақтағы одақтастар әскеріне шабуылдар жиілеп кетуі бұл елде жұмыс атқарып жатқан халықаралық ізгіниет агенттіктерін шошытып отыр.

Қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмеуі Ирақта жұмыс жасап жатқан шетелдіктер үшін қиын болды деп жазады радиомыздың талдаушысы Чарлз Рекнагел.Тұрақсыздықтың жан-жақты зардабын Құрама Штаттар тапсырмасымен жұмыс істеп жатқан компаниялар да, бейресми ұйымдар да бірдей шегуде. Ирақтың білім беру жүйесін реформалау үшін Құрама Штатар үкіметінен 62 миллион доллар қаржы алған Creative Associates Intrernational компаниясының өкілі Франк Далл Ирақта аса қатерлі жағдай қалыптасты деп біледі. "Бізге қарсы жаулық сезімдерді біз көзбен көріп жүрміз" дейді ол. Бағдадтағы халықаралық CARE қайырымдылық ұйымының үйлестірушісі Меган Чишолм:

"Қауіпсіздік нашарлап кетті. Әсіресе, осы аптада.Түн болса еститінің сатырлаған атыс". "Біз бұл жағдаятты бақылауда ұстап отырмыз.Жағдайға қарап жұмысымызды реттейміз.Бірақ, қауіпсіздік жоқтығы біздің әрекеттерімізді шектеп жатқан жоқ".

CARE ізгіниет ұйымы Ирақта жылына 15 миллион долларға жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйым. Сондай-ақ, осы ұйым Ирақ халқын ауыз сумен қамтамасыз етуді де өз мойынына алған.Ал, енді халықаралық "Балаларды сақта" деп аталатын ізгіниет тобының өкілі Брендан Пэйдди болса былай дейді:

"Жекеменшік аутокөліктер талай атқыланды.Автокеруендер де атқылануда. Бізді, әсіресе, аутокеруендерге шабуылдар қатты алаңдатып отыр...."

"Өкінішке орай, өткен екі аптада екі үлкен аутокеруені атқыланды.Соның кесірінен біз, яғни, "Балаларды сақта" ұйымы өз штабымызды елге кіргізе алмай отырмыз".

Бағдадтағы халықаралық ізгниет ұйымдары Америка әскерінің Саддамға адал күштермен текетіресі күшейген сайын Ирақтағы шетелдіктерге шабуылдар да күшеюі мүмкін деген үрейде.

Ирақта қалыптасқан осындай күрделі жағдайда Ирақтағы Құрама Штаттар тағайындаған әкімшілік жетекшісі Пол Бремер қауіпсіздікті қалыптастыру жолында жаңа Ирақ әскерін құру жоспарын жариялады.Ал, Вашингтон болса 400 мың Ирақ әскерін таратып жібергені белгілі.
XS
SM
MD
LG