Әзірбайжан басшылығы бұл шешімге жалпы мамыр айында келген. Әзірбайжан жасағы 14 офицер, 16 сержант және 120 сарбаздан қамтылып отыр. Әзірбайжан бітімгершілік жасағы алдыменен Кувейттегі АҚШ-тың әскери базасына келіп жетеді. Содан кейін олар Киркөк, Кербала, Мосыл және Наяф қалаларында қоныстандырылады, көше бақылауы және діни, тарихи ескерткіштерді күзетумен айналысатын болады.