АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауел Ирандағы реформашылдар мен консерватолардың арасындағы келіспеушілікке Вашингтон араласпайды деп мәлімдеді.Коллин Пауел сонымен қатар, Иран президенті, реформашыл Мохаммад Хатами сайлауда жеңісті иеленген , ал консервативтік топ өкілдеріне халықтың қолдауына ие реформашылдардың жақтастарына жол беруі ғана қалады деп атап өткен.Техран Американдық ресми өкілдердің Иран студенттерінің дінбасыларына қарсы шыққанын қолдап жасаған таяудағы мәлімдемесіне байланысты наразылық танытқан.