Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері бүгін Алматыда бас қосты. Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының жиналысы бүгін және ертең өтеді. Кездесу барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Оның ішінде Орталық Азиядағы су-энергетика мәселелері, көлік қатынасы және азық-түлік саласында үш консорциум құру келісілді. Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағалығы Ислам Кәрімовтен Нұрсұлтан Назарбаевқа өтті. Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес, есіртке тасымалына қарсы қимыл сияқты шаруаларда серіктестікті нығайту мұқтаждығын айтты.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Жаңай Омаров "Франс Пресс" агенттігіне берген мәліметінде мұндай басқосуларды Нұрсұлтан Назарбаевтың тұған күніне орайластыру жақсы әдетке айналды деп сипаттады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ертең 63 жасқа толады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады