ВАШИНГТОН: АҚШ - Иранның жүзеге асырып жатқан зымырандық және тағы басқа әскери бағдарламалары бүкіл дүние жүзіне қатер төндіреді деп есептейді. Ақ үйдің өкілі Майкл Энтонның атап көрсетуінше, өз одақтастарымен және дос елдермен тығыз ынтымақтаса отырып, Вашингтон – Теһранның орта және алыс қашықтықтарды қамтитын зымырандық жүйелерге ие болуына жол бермеу үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Бұл мәлімдеме Иранның “Шаһаб” деп аталатын өзіндік баллистикалық зымырандарын таяуда ғана сынақтан ойдағыдай өткізуінің артынша жасалды. Ол зымырандар Ызрайылге дейін ұшып жете алады.