Accessibility links

Қаңтар айында АҚШ президенті Джордж Буш Саддам Хусейін режимі Африкадан уран сатып алғанда айыптағанда, тексерілмеген ақпаратқа сүйенгендігін Ақ үй мойындады.


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Майкл Энтон бұлайша " Вашиңтон поста" жарық көрген мақаладан соң, мәлімдеме жасады. Басылым американ әкімшлігінің аты аталмаған бір жоғары лауазымды ұлығының сөзін берген, онда ол, Буштың Бағдаттың уран сатып алмақ әрекеті болды дегеннің айтуы керек емес еді,- дейді. Саддам Хусейін билігін құлатпақ үшін жорықты бастар алдында жасаған мәлімдемесінде Буш британдық барлау орындарының мәліметтеріне сілтеме жасаған.
XS
SM
MD
LG