Accessibility links

Орталық барлау агенттігі Джордж Буштың үндеуіндегі қатені өзіне алды.


Джордж Буштың қаңтар айындағы баяндамасында кейбір қате мәлімет болды деген жорамал осыдан бірнеше сағат бұрын тағы жалғасын тапты. Ираққа тығылған бір айып – ол Нигер мемлекетінен уран сатып алып жатыр, атом қаруын өндіріп жатыр деген болатын. "Вашингтон пост" газеті бұл мәліметке Орталық барлау агенттігі былтырғы жылдың қыркүйек айында күмән келтірген деп жазды жұма күні. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Райз Орталық барлау агенттігінен Ақ үйге ондай ескерту түскен емес деді. Орталық барлау агенттігінің директоры Джордж Теннет президент Бушқа қате мәлімет бергеніміз үшін айыптымыз деді. Бұл мәлімдемесін Джордж Теннет кеше кешкісін жасады. "Жауапкершілік президент Бушқа емес, Орталық барлау агенттігіне тиесілі", деді Джордж Теннет.
XS
SM
MD
LG