Accessibility links

Германия министрі Ирақ соғысынан бері АҚШ-қа алғаш келді


Германия сыртқы істер министрі Иошка Фишер бүгін Вашингтонда АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауеллмен кездеседі. Екі елдің қарым қатынасынан тыс Ирақ және Ауғанстан мәселелері талқыланады. Германия Ирақтағы бітімгершілік әскерге қосылуға ниет танытсада Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырмасы берілсін деп шарт қойып отыр. Ирақ соғысынан бері бұл германиялық министрдің Америка Құрама Штаттарына алғаш келуі. Ирақ соғысына Германия қарсылық танытқаны белгілі. АҚШ Германия мен Францияны осы мәселедегі дауды тоқтатып, Ирақтағы халықаралық бітімгершілік әскерге қосылуға шақырып келеді.
XS
SM
MD
LG