БҰҰ-ның Таяу шығыстағы елшісі Терже Лойд Ларсен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Израель мен Палестина арасындағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі жол картасы деген халықаралық жоспардың жүзеге аса бастағаны турасында хабарлады. Оның айтуынша, екі ел арасында бейбіт ахуал қалыптаса бастаған, дегенмен Израель мен Палестина әлі де екі жақты толық сенімді қалыптастыру үшін қажетті қадамдарға баруы керек. БҰҰ-ның Таяу шығыстағы елшісі енді палестиндіктер өз бақылауларына берілген аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттеме алып отыр деді. Ал, израельдіктерді палестиндік сотталғандарды түрмеден босатып, палестин азаматтарының күнделікті өмір жағдайын жақсартуға шақырды.