Accessibility links

Иран парламентіндегі реформатор-депутаттар елдің кертартпа сот жүйесін канадалық фотожурналист әйел Заһра Каземидің түрмеде мерт болғаны үшін ащы сынға алды.


ТЕҺРАН: Иран парламентіндегі реформатор-депутаттар елдің кертартпа сот жүйесін канадалық фотожурналист әйел Заһра Каземидің түрмеде мерт болғаны үшін ащы сынға алды. Өзара пікіралмасу барысында Мохсин Армин деген депутат журналист әйелдің қазасы үшін барлық жауапкершілікті мемлекеттік прокурор Саид Муртазавиге жүктеді. Мохсин Армин: Заһра Каземи тұтқындалып, таяққа жығылды, соның салдарыран басына қан құйылып, мерт болды деп мәлімдеді. Депутаттың атап көрсетуінше, прокурор - журналист әйелдің құқын қамтамасыз етіп, Иранның абырой-беделін қорғауға тиіс еді. Заһра Каземи - 23-інші маусым күні Теһрандағы Эвин түрмесі төңірегіндегі наразылық шарасын суретке түсіріп жүрген кезінде ұсталды.
XS
SM
MD
LG