ПЕКИН: Британ премьер-министрі Тони Блэрдің мәлімдеуінше, Солтүтсік Кәрейдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжалды реттеуге деген құлшыныста Қытай шешуші рөл ойнайды. Қытай үкіметінің төрағасы Вэнь Цзябаомен және Қытай төрағасы Ху Цзиньтаомен Пекинде болып өткен келіссөздерінің артынша ағылшын премьер-министрі Тони Блэр осылай деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасын жүзеге асыруын қоймай, ендігі жерде ол технологияларын басқа да тұрақсыз елдерге эспорттауына төзе беруге болмайды.