БАҒДАД: Ирақта Республикалық ұланның арнайы бөлімдерінің бас қолбасшысы қолға түсті. Ол жөнінде Бағдадта өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ генералы Рикардо Санчес хабарлады. Барзан Әбді әл-Ғафур әт-Турки - Ирақтың тұтқындалуға тиісті бұрынғы 55 басшысының тізімінде болатын. Сейсенбі күні АҚШ әскерімен айқаста Саддам Хусеиннің екі ұлы Құсай мен Үдей мерт болды. АҚШ президенті Дж.Буш бұрынғы диктатордың екі ұлының өлімін – Ирақтағы режимнің қайта оралмасына кепілдік болды деп бағалады. Осы сәрсенбі күні араб радиобекеттерінің бірі Саддам Хусеиннің дауысы деп әуе толқынына жазба дауыс берді. Ондағы дауыс Ирақтағы бірлескен күштерге тойтарыс беріледі деп қорқытады.