Accessibility links

Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Бирмадан оппозицияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи ханымды босатуды талап етуде.


БАЛИ: Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Бирма өкіметінен демократиялық оппозицияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи ханымды босатуды талап етуде. Инданезияның Бали аралындағы бас осуында қабыдаған мәлімдемесінде министрлер, сонымен қатар, Бирмадағы әскери билікті - ұлттық бітімге келу үрдісін бастауғак шақырады. 1991-інші жылы бейбітшіліктің Нобель сыйлығын алған Аун Сан Су Чжи ханым – мамыр айының соңында тағы да қамауға алынған болатын. Бейсенбі күні Тайландтың премьер-министрі Таксин Шинаватра Бирма өкіметі мен оппозиция арасындағы келіссөздерге дәнекер болуға әзірлігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG