Ол жөніндегі келісімге алдағы аптада қол қойылмақ.
Таулы Кодор аймағын екі тарап та миналап тастаған. .
1992 жылы Гүржістаннан тәуелсіздіктерін жариялағалы бері , гүржілер мен абхаздар арасында нәтижесіз соғыс жанжалдары жалғасып келеді.
Ал, 1994жылдан бері, гүржілердің қалауымен, бұл елге орыс қосындары келіп жайғасқан.
Өзара соғыс шайқастары салдарынан , Абхазиядан 50 мыңдай гүржі азаматы өз қоныстарын тастап, өзге аймақтарға босып кеткен.