Accessibility links

Словакия біздің Тайванмен өзара дипломатиялық байланыс орнату жоспарымыз жоқ деп Қытайды сендірген.


Қытайлық бір ресмидің Шинхуа агенттігіне айтқанындай, Словакия Тайванда өз сауда кеңсесін ашқанымен, "бір Қытай" деген қағиданы ұстанатын болады. Тайванды тәуелсіз ел деп есептейтін мемлекеттермен, әдетте, Қытай ресми дипломатиялық байланыста болмайды. Дегенмен, Тайвань үкіметін әлемдегі 27 ел мойындайды. Олардың көбі - Латын Америкасы мен Африкада. Ал Европадан Тайванды мойындаған жалғыз ел ол – Ватикан.
XS
SM
MD
LG